- -
- 100%
- +

ҚЫЗЫЛ КІТАП
ҚАДЫР МЫРЗА ƏЛИ(1935–2011)ІМылтық көрсем төрлерден іліп қойған,Менің мазам кетеді күдікті ойдан.Жұртпен бірге мəз болып,Ду-ду етіпҚайта алмаймын одан соң күліп тойдан.Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!Қан жуады олардың ізін əлі.Көргеннен-ақ мылтықтыМенің үшінДүниенің дидары бұзылады.Аяймын мен анасыз,Атасызды.Аяймын мен құлынсыз,Ботасызды.Хайуанатқа жасаған қиянатың –Бауырыңа жасаған опасыздық!Қызыл түлкі даланың көрігі еді.Жаға болып ол енді «керіледі».Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ –Қалпақ емес –Қақпан боп көрінеді.Тымырсығы-ай!Қалада жел еспейді.Жел есетін бұл жайлау емес дейді.Анау киім ілгішке көзім түссе,Бұғылардың мүйізі елестейді.Ауылда, өспе, мейлі, сен қалада өспе,Анаң сенің бəрібірДала емес пе?!Терезеге ұстаған анау шілтерҚұсқа құрған торларды салады еске.Айналайын бұлбұлым,Бал таңдайым,Саған тор да,Қасқырға қақпан дайын.Шынтақтаған жастықтыКөрінедіАққу-қазды жаныштап жатқандайын.Өкпелетпеу керек қой қожайынды.Айта алмайсың халыңды,Не жайыңды.Ұстай беріп айырдыШошып кетемШаншығалы жатқандай дəу жайынды!Тартып алған аңдардың бір киерін,Қыз-келіншек үшін мен құр күйемін.Кешіре гөр біздерді,Əулие көл!Кешіре гөр біздерді,Қыр киелі!IIБіздің сайда болатын мия қалың.Ауылдастар ойлайтын ұя қамын.Мия сиреп,Ұядан құстар безіп,Біреу үшін енді мен ұяламын.Ұяламын қарауға қарлығашқа.Шиқылдайсың, балапан, қарның аш па?!Жалтаңдайсың əр Болат, əр Қайратқа,Жаутаңдайсың əр Баян, əр Күлəшқа.Тəрбиең де жақсы еді,Тəлімің де…Аян бірақ өмірдің мəні кімге?!Торғай аттың бір кезде,Соның үшінҰяламын, бауырым, əлі күнге.Ұяламын қарауға қоңыр қазға.Толып-ақ тұр бүгінде өмір назға.Балапанын шұбыртқан қасқалдақтыңОқтан көрген қорлығы,Зəбірі аз ба?!Ұяламын қарауға шүрегейге.Құстың бірі туған да,Бірі егей ме?!Бүгін кептер атқандарЕртең ердіңКеудесіне тапанша тіремей ме?!Ұяламын қарауға егіз құрға.Қыра берсек қалады неміз қырда?!Жата берсін шуылдап орман-тоғай,Жата берсін малынып теңіз нұрға!Ұяламын қарауға қырғауылға.Аңшы деген ат бердік бір қауымға.Кейбір көлдің орнында шалшық қалды,Кейбір талдар айналды сырғауылға.Ұяламын қарауға шағалаға.Мылтық ұстап шалқарды жағалама.Құстың зарын естісеНе демекшіСаған ана мына жер –Маған ана?!Ұяламын аң аулап бел асқанға.Түсінбеймін сол үшін таласқанға.Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,Ұяламын қарауға көк аспанға!IIIАрқар атып,Қалайша тойламақпын?!Хабар оқып əртүрлі ойға баттым:Тегі құрып,Тігерге тұяқ қалмай,Төзімдері біткен бе хайуанаттың?!Көрем десең көлге бар,Далаға бар.Жердің де бір уəжі бағаланар.Аңшы көрсеЖиналып,ТөбесінеШығарыпты саңғуды шағалалар.Бітсе керек ойланыс,Толғаныстар.Қауіп қазір ормандар,Ну қамыстар.Қандары əбден қарайып,Ашу қысып,Адам жеуге көшіпті жолбарыстар.Əшкерелеп сұмдықты жарық түндер,Жасырады қабағы жабық күндер.Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.