- -
- 100%
- +

АҚҚУДЫҢ АЙЫРЫЛУЫ
СƏКЕН СЕЙФУЛЛИН(1894–1938)Арқада бір жер бар еді,Жібек самал саясы:Саяда бір көл бар еді,Сырлы кесе аясы.Маржан құмы, күміс суыКөл еді кең айнадай:Мұнарытқан торғын буы,Көк кестелі айнала.Қалың топ-топ, алшақ-сирекЖасыл қамыс дестесі:Бейне қолмен салған ирекКөлдің жасыл кестесі.Əдемі еді мөлдірегенАйна көлдің көрнегі;Су бетінде елбірегенАқ шашақтар өрнегі.Пай шымылдық, жасыл құрақҚалың біткен ту құрақ.Кейде аққулар жасырынад,Шымылдыққа судырап.Айна көлді мекен еткен,Бір-екі аққу бар еді.Мақсұтына бірге жеткен,Екі ғашық жар еді.Айна көлдің суы күміс,Жұбай аққу көркі еді,Көрсе көзің алар тыныс,Екі сəулем ерке еді.Көлдің басы ертелі-кеш,Мың құбылған əн еді.Екі ғашық ертегідей,Көлдің көркі – сəні еді.Жүргенімде елге келіп,Ешкімді ертпей қасыма,Кетуші едім көлге келіп,Біраз жатып басында.Көз жіберіп айна көлге,Жағасында жатушы ем;Төсімді ашып жібек желге,Рахатына батушы ем.Келуші едім анда-сандаСаясатсыз тұрмысқа;Біраз тыныштық беріп жанға,Демалуға – тынысқа.Бір күн ерте айна көлдің.Күйін тыңдап, жағалап;Бір ғажабын жəне көрдім,Қарап жатып жағада.Кең айнадан өзін көріп,Құстар билеп, ойнайды:Су түбінен маржан теріп,Сүңгіп терең бойлайды.Көлді қорып, байғұс қызғышҚыңқылдайды жағалап:Қанатымен жерді сызғыш,Төңкеріліп сабалап.Тау құдірет қалықтайды.Қақсап, жырлап, зарлайды;Сорлы жыршы жалықпайды,Көл сағасын барлайды.Көктен көлге төңкеріліп,Шаңқылдайды шағала;Бірде жылап, бірде күліп,Жарқылдайды жағалап.Қоңыр күйін қаз күйлейді;Сұқсыр менен қасқалдақ.Əнге салып, би билейдіКегер, үйрек, баспалдақ.Міне, осындай көлдің сəнінКонец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.