- -
- 100%
- +

НАРҚЫЗ
НҰРПЕЙІС БАЙҒАНИН(1860–1945)Өткеннен жыр бастайын,Кіші жүз – Əлім Алшыннан.Бұрынғы өткен бұл сөздіТыңда халқым, қартыңнан.Сейіт қызы АйшадайАйдай сұлу жарқыннан,Кедей қызы болса да,Нұрлы өнердің күшіменƏр нəрсеге талпынған.Өлең айтып, əн созғанДомбыра тартса, топта озған,Өлең-жырды ағытыпШаршы топта жақ тозған,Ару еді нұр шалқып,Балуан еді даңқы артықЖауырын жерге тимеген,Талай мықты балуанды,Тұмақ құрлы көрмеген.Жығылуды білмеген.Бəйгесіне ат алған,Алғыс алған, бата алған.Айша сұлу жасынанБалуандығы асқан соң,«Нарқыз» болып атанған.Ажарына көз салсаң,Нұрланған ай сияқты.Мінезінен сынасаң –Көрген адам ұнатты.Жəне жүйрік жауапқа,Құрбы көңлін құлатты.Балтыр еті – бесіктейОмырауы – есіктей.Жауырыны – қақпақтай.Желкесіне орағанБұрымы бар тоқпақтай.Келбетіне қарасаң,Ерден озат көрінген.Кербездігін айтайын:Басуға аяқ ерінген.Жиынды жерде жырласа,Əсем сұлу əніненТау бұлағы төгілген.Өнер, келбет, балуандықБір өзіне берілген.Айналаға сүйікті,Салтанатпен жүріпті.Домбырасы қолында,Сөзін елге тыңдатқан,Ақылы артық білікті.Сол заманда сол жақтаЕл билепті Мəмбет хан.Қарауындағы халыққаКөрсетпепті атар таң.Хан ағасы таз екен,Ақылы да аз екен.Інісі хан болғанғаҚарап жүріп мəз екен…Əмірі зор Мəмбет хан«Қыз берсін, – деп, – ағама!»Сейітке күш сөз айтқан.Хан айтқан соң амал жоқ,Көнбейтұғын заман жоқ:«Хан сөзінен шығатын, –Депті Сейіт, – шамам жоқ!»Келген елші кісіденОсыны естіп, аһ ұрып,Нарқыз тынған ішінен…Нарқыз сонда қорланды:«Мен екем ғой бағам жоқ!Əке тілін алмаймын,Тазға болып тəуелдіТіршілікте бармаймын!Өлең айтып зарлаймын,Домбырамды өңгеріп,Дүниені шарлаймын.Құрым іліп жүрсе де,Осы жатқан халықтанӨз теңімді таңдаймын…Ол сертімнен танбаймын!»Осыны айтып, бота көзАқбоз атқа мінеді.Ер қасына шашақтыДомбырасын іледі.Қайда сауық, жиын тойОртасында жүреді.Қыз күйігін зарлағанЕлі-жұрты біледі.Жаны ашырлар, жақындар«Қайран боздақ – бота көз!»Деп ішінен күйеді.Көшіп, қонып жүретінХанның байтақ мекені.Нөкерлері қасында,Салтанатпен Мəмбет ханКөш алдында кетеді.Түлкі тұмақ басында,Ақбоз аты астында,Күміс сапты қамшыныМықынына таянып,Мəмбет ханның алдынанБіреу кесіп өтеді.Оны көрген Мəмбет ханАшуланып сөйледі:– Мен Мəмбет хан болғалы,Хандық бақыт қонғалыАбыройымды жан төкпеген.Қадірлі едім көпке мен.Халық билеп, хан болып,Қолым неге жетпеген!Бұрын-соңды алдымнанЕшкім кесе өтпеген.Қасымдағы нөкерденБір бесеуің барыңдар.Хан алдынан кесе өткенЖігітті ұстап алыңдар,Басына қайғы салыңдар.Ханың қорлық көргендеАянар не шағың бар?Білдіңдер ме, халайық,Ақын сырын ашады.Жігіт емес, ол біреуХанның қуған жасағы,Өзімізге белгіліНарқыз еді қашанғы.Астындағы атынаНарқыз қамшы басады,Бес жігіттен қашады,Бір белестен асады.Қырдың асты шабынды,Көрінбейтін таса еді.Аттан түсе қалады,Тартпа менен айылынҚатты тартып алады.Қашатұғын бұл емесБес жігіттен жаңағы.Найза, қылыш қолында,Бес жігіт те ағады,Келе найза салады.Мақталы екі шапаннанҚарулары өтпеді.Маңайына келе алмай,Кейбіреуі шеттеді.Кейі қайрат қылса да,Нарқыз елең етпеді.Нарқыз қайрат бастады,Бес жігіттен саспады.Бойын ашу басқаны,Ақбоз атпен ұмтылыпБес жігітті атынанЖұлып-жұлып тастады.Бес жігіт күні тарылды,Қол қусырып бағынды.«Өзің біл, – деп, – ағатай!»Ер Нарқызға жалынды.Қаһарман қыз сөйледі,– Бері қараңдар, ей! – деді.Бəріңде де ақыл бар,«Қой қорықса, ешкіні«Апа» дейтін нақыл бар.Қызды ағалап жалынғанЫлғи, – дейді, – «батырлар»!Білемісің, жігіттер,Адасып айтқан сөзіңді?Адыраңдап келдіңдер,Аңғармай-ақ өзімді.«Ағатай» деп айтпасаң,Ояр едім көзіңді.Не десем де бағындың,Бағынып, маған жағындың.«Апатай» деп айта алмай,«Ағатай» деп жалындың.Байқадыңдар затымды,Білмедіңдер атымды.Хандарыңа айтыңдарКөрдік деп бір ақынды,Ақын емес, батырды…Оған қалай теңейді,Сонау тазша қатынды?!Əуре болмай қайтыңдар,Мініңдер де атыңды!– «Мінген аты жараған,Қаса арғымақ шын жүйрік,Сағағынан үзіліп,Басы көкке қараған.Бізді көріп ырғытты,Құс дер еді оны адам.Шапқан сайын үдеді,Күдірден күдір асқанда,Біздің мінген тұғырларБолдырып жолда жүрмеді.Ілесіп көрдік қарасын,Кім екенін біле алмай,Болжай алмай шамасын.Əрлі-берлі шапқан соң,Көрсетпей кетті қарасын.Жүйрікке не амал қыласың?Əдейі өткен кісі екен,Атының біліп шамасын.Осыған ханым нанасың!»Деді осылай бес жігіт,Ханның келіп алдына.Нанды Мəмбет, жігіттіңСөзіне құлақ салды да.«Нөкерлерім, сырласым,Таң қаламын, ғажап жанОл не қылған өктем» деп,«Алдиярым айтпай алдымнан,Жолымнан өтіп кеткен» деп.«Хан əмірі өктем» деп,«Талай сондай қашқынғаƏмірім менің жеткен» деп,Ашуланды Мəмбет ханАқбоз атты жолшығаКіжінді «адам неткен?!» деп.Бұйрық берді хан сонда:«Көк аттыны бағыңдар,Көк ат мінген адамды,Жібермей ұстап алыңдар.Көк аттыдан қорланып,Қапа болған шағым бар.Қайрылмай кеткен адамғаӨткізетін зəрім бар.Бүгін қашып кеткенмен,Ертең алар арьш бар!..»Мəмбет жарлық салады,Жасауылдар жарлығынДереу қабыл алады.Жолаушы мен жортушыЖүрер жолдың торабынЖасауылдар бағады.Көк аттылар кездессе,Ханға айдап барады.Тергеп жауап алады.Жауап берген көктігеЫлғи дүре соғады.Бейнет шегіп талайыЖылап кетіп барады.Жасауылдар жалаңдап,Қарауыл тағы қарады.Көк ат мініп жүруденЕнді халық қалады.Осы хабар халыққаҚұйынша тез тарады.Осыны естіп ер НарқызОйға салып қарады:«Мəмбет ханды көрсем» деп,«Ерлігімді көрсетіп,Қорықпай жауап берсем» деп.«Сырымды алар сол төре,Көрінбей қашып жүрсем» деп.«Қабырғама ақыл салайын,Ойлайын ойдың талайын,Ел жиналған ас болса,Ақбоз ат мінген қалыппен,Саспай ханға барайын.Көкірегі қара хан,Алдынан ел тараған.Көп ішінде бармасам,Хан жолдасы – көп адам,Жалғыз барсам қапыдаҰстап алар аламан.Жиында барсам, егер деАйтармын көпке сөзімді.Жиылған жиын көп халықҚорлыққа бермес өзімді.Көп ішінде сөйлеймінАйтайын деген сөзімді.Сонда халық көзіменКөрсін менің күшімді,Білсін менің ісімді!Жалғыздық түсіп қазір менҚайырсыз ханнан ығысып,Көріп жүрмін қысымды.ұлы жиын той, астаКүреске түссем белсеніп,Жиылған көрер сұсымды».Осыны Нарқыз ойлайды.Көңілінде жігер, қайратыАсқан сайын Нарқыз даБұл талабын қоймайды.Жақын күнде жиын, асТап бұл жылы болмайды.Малы семіз, халық шат,Аман шығып сол қыстан,Келесі жаз болғандаКөп дəулетке көңіл мас.Күзінде өлген Жарлығас,Осы байдың асынаСауын айтып халыққаБермек болды сыйын-ас.Ас бермек елге санат-ты,Əркімдер атын жаратты.Астың күні жеткенде,Бəйбішелер байсалдыБай асына саба артты.Алшын, Жаппас, көп ШектіОн екі ата БайұлыЖолдың шаңын боратты.Ел билеген би, болысАс беретін мырзағаАта жолы осы депШəйіге жамбы орапты.Орнаған дəулет шағымдаҚызметімді көрсін деп,Жағалбайлы, ЖетіруАт шаптырған еліне.Келсін деп оған тағы даТама менен Табынға,Рамазан, Төлеуге,Кердері мен Керейтке,Ат жетер жердің шегіне,Он алты болыс елінеАян болған ас екен.Көлдей қымыз шалқыған,Ішкен адам мас екен.Жүйріктерді санаса,Бес жүз сексен ат екен.Балуан келді одан көп,Асқа тіккен бəйгесінСонда жығып алам деп.Ат пен түйе бəйгегеКүшімді бір салам деп…Келді балуан əр жерден,Айтса мақтау сиярлықСандақтары əр елден.Осы ас көпке даң болды,Асқа сойған көп малданАққан өзен қан болды.Бұрын-соңды көрмегенТалай адам көрісті,Есен, сəлем берісті.Ас қызығы ұласты,Арада неше күн асты.Ат жаратып келгендер«Ат шаптыр» деп шуласты.Ат айдайтын көмбеніБəлен жерден шапсын депАс басқарған мырзаныңАйтқан сөзін жөн көрді…Салтанатты жүргені,Астына ақбоз мінгені;Неше тұрлі асыл затМақпал, жібек кигені;Ер мүсінді, сүйкімді,Жүргені жұрт түйдегі;Құрбысынан мінезі өр,Үсті-басы сары ала,Балағында алтын зер.Дөңгелек жүз, көрікті,Шашын түйіп төбегеБаса киген бөрікті;Түрме белбеу белінде,Кім екенін білдірмейНарқыз асқа келіпті.Ас үйлерін тіккен жерҰлы Жемнің саласы,Қалың жыңғыл ағашы.Айғараның ақшаты,Саралжынның сағасы.Асқа келген көп адам,Жөңкіле қырға шығады.Өтетілеу бір жарлыТүйе мініп астына,Қорағашқа ту байлап,Туды ұстап тұрады.Кептен шығып бес кісіАт айдады бəйгеге.Жемнің бойы шаң болып,Түсіп жатыр əуреге.Биік дөңнің басындаЕл жиылып болған соң,Бəтуаға келісті:«Ат айдаушы жігіттер!Ұрлап шабу болмасын!Буаз төбе шеніненБалаларды бағыңдар.Балаларды асырып,Бері өздерің қалыңдар.Аттар қайтқан кезіндеСендер дереу шабыңдар.Бұғып келіп қоспасынСоған көзді салыңдар!»Сілтеу берген жеріненТізе қосып көп бала,Жүйріктермен жөнелді.Ат шапқан жер шамасыЕкі көштей жер еді.Жүйрік сіңір созады,Тұяқтан жер тозады.Айқай, ұран шыққандаКей жүйріктер озады.Жемнің бойы айқай-шу,Шүбатылды тозаңы.Сол бəйгені көргенде,Жүрек тулап кеудеңдеДелебеңіз қозады!..Ат бəйгесін көрді көз,Күрес бастар келді кез.Жарқын-жарқын естілді– Балуан шықсын! – деген сөз.Жұрт отырды айналып,Орталарын кең салып.Балуандарын əркімдерКүресуге келді алып.Қызығын көзбен көруге,Анталап тұр ел-халық.Талай топта күрескенШықты сонда балуан қыз.Сипатына көзің сал,Енді қапы қалмаңыз:Көзі гауһар көз талған,Бойы шынар ырғалған.Мүсініне қарасаңШығар едің құмардан!Қымқап шапан киінген,Мақпал шалбар зер салған.Түрме белбеу белінде.Алып-ұшып жүрегі,Топта қызып сүйегі,«Келіңдер, – деп, – балуандар!»Нарқыз қарап күледі.Бұрын-соңды болған жоқБұл Нарқыздың теңдесі.Балуандардың көргенде,Түсер еді еңсесі.Балуан Нарқыз шыққан соңБалуандар тұр кідіріп,Күрескенше Нарқыз тұрДаярланып, түйіліп.Кейде бір сөз айтадыЖұрт алдында иіліп:– Атым əйел болса да,Нарқыз болып туғанмын.Мақтануға сыйғанмын.Талай-талай балуандыЖерге бұлғап ұрғанмын.Қарсыма ешкім келмеген,Мерекелі жиындаЖанға бəйге бермегем.Топта шығар айбатым,Халыққа аян қайратым.Бұл жиында бар ма екен,Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.