- -
- 100%
- +

ТОҒЫЗ АУЫЛ
НҰРЫМ ШЫРШЫҒҰЛҰЛЫ(1831–1908)Сөз базарын бастайын,Əуелі, Алла – Бірімнен,Өзіңнің берген деміңнен.Қателік кетсе, ғафу ет,Сүйексіз жазық тілімнен.Жад етсең Жаппар Алланы,Арыларсың көңіл кіріңнен.Аластама бізді, бір Алла,Мақшардың таңы болғандаСəулелі жəннат күніңнен.Бұрынғы өткен шайқылар,Адастыра көрме ізіңнен.Адыра қалған атамнан,Опасыз пəни – сұм заман,Қорқамын жаман түріңнен –Бір жəрдем бізге болмасаЖасаған Ие, пірімнен?!Пірлер мен шайқы көп өтті,Бұл пəни, сенің жүзіңнен.Қабаты қалың қара жер,Кіргендер шықпас түбіңнен.Неше күн жолдас болармыз,Жалғаншы дүние, сізіңмен?Өлгеннен соң не пайдаСайраған қызыл тіліңнен?Алжастың басы сол екен –Абылды Қабыл өлтіріп,Қас болды кəпір бізіңмен…Хан Аюке қалмаққаУса-Серен бас болып,Дұшпанымен қас болып,Қытайдың қалың шəріненҚалмақтың жұрты бүлінген.Одан бергі замандаАғыны қатты ақ дария –Емініп аққан Еділде,Жағасы биік Жайықта,Ойыл, Қыйыл, Самарда,Аңқаты мен ҚыйғыштаҚарға бойлы ҚазтуғанЕрдің даңқы білінген.Қания деген қалмаққа,Сол қалмаққа бармаққа,Қызын қатын қылмаққаОрақтың ұлы ҚарасайАуыр антқа ілінген.Қарабау мен Тайсойған,Ол – Қайғы-Асанның жұрты екен,Кəпірменен қас болып,Мұсылманмен дос болып,Əммеге дəрпі паш болып,Қарауыл салмай қонған жерҚорғанша деген күдірден.Сондай жұрттың жері екенКөлденең жатқан ұзын Жем.Көргенім жоқ көзіммен,Ескірмейтін есті сөз –Айтамын сондай ызыңмен.Тағы бір сөз айталы,Ескі сөздің сағасы,Жұмалы қарттың баласыӨзі туған қарт ноғайЖеті жылдай сүрінген.Ескі сөздің мағынасыНоғайлының ішіндеКөзей қарттан білінген…Бұл күндері болғанда,Алладан қуат болмаса,Не шығар артық тілімнен?!Пайда тапқан жан бар маБүгінде ділмар білімнен?!…Бетегесі белден шық,Жегендерін желдентіп,Сəуір сала – Сарыарқа –Біздің байлар баса қонған тербентіп.Айрақты мен Алатау –Кім тұрушы ед ол маңдаАдай-ата көшкен күнСалтанатпен сəндентіп?!Жазғытұрым болғанда,Күн заузаға толғандаКөшуші еді қарыштап,Шайқылар қонған қара жұрт –Маңғыстауды күңірентіп.Көгорай балқаш солғанда,Күн ақырапқа толғандаҚайтушы ед елім қоныстап,Қараша қаздай қыйқулап,Қанаттарын серментіп.Ойыл, Қыйыл, Жем, Қайнар –Көлденең өтіп ел жайлар.Арқаның алпыс саласы,Алатау мен СарыарқаБіздің Адай тең жайлар.Елеуретіп ерлерімЕкі жүйрік тең байлар.Жаз нəубеті жетілеҚозғалушы ед шарықтап,Маңғыстаудың қара ойынҚыя алмай шыққан не байлар.Алғыйдың құба дөңіндеБұйқыт жатқан еліңеҚауырт тисе көп дұшпан,Сонда шыны сор қайнар!Күні бүгін болғандаАдыра қалып барасың,Қайран Шоқыбоз бен Бегайдар!Шоқыбоз бен Бегайдар,Бесқопа мен БесқақтанНоғайлының елдеріЕрте тұрып, кеш жатқан.Алғыйдың құба дөңіндеҚарға бойлы ҚазтуғанҚауырт көшкен жер екен,Қапыда дұшпан көп шапқан.Бұрынғы өткен замандаМанжұрдың ұлы Ер ШуақАтасы қалмақ демесең,Ол-дағы əділдікті пір тұтқан.Заманнан заман озғанда,Күйкеннен бергі бауырдаҚателікті бір тапқанМусаның ұлы Орақтан.Адыра қалған жер едіАрғымақтың бауырынан тері аққан,Алғаулы судың бойындаАзаматы өкінішпен дəм татқан.Қарға бойлы ҚазтуғанҚапы қалып, сол арада жау шапқан.Манашыдай мырзаныҚазалап қалмақ ант атқан.Бұлықсыған ерлерімТарығып талай сан соққан.Ол күндері оларғаӨштескен дұшпан көп екенКеудесіне кек қатқан.Ноғайлының еліндеОрмамбет ханның – Азауыл1Салмаған екен қарауыл.Ойланбай қылған іс – ойран,Пəрменмен болған жаза – ауыр.Таршылық басқа түскендеБір Тəңіріні пана қыл.Тар-қамашау қоныстаЖортуыл ердің жатқаны,Қəперсіз асын татқаны –Алладан келген қаза-дүр…Қызарып күн батқанда,Сарғайып таң атқанда,Менменсіген ерлерімҚателікпен алдырды –Қауіпсіз, қамсыз жатқандаҚапыда түсті қақпанға.Елдің алды асқанда,Көлденең-Шыңға басқанда;Айтулы ердің тұқымыАйла таппай сасқанда;Қыз-келіншек, жас балаТұс-тұсына қашқанда –Екі жүз елу шамасыЖəуміт келіп ұрынғанЕкінті мен ақшамда.Жəуміт-жау келіп ұрынған,Ұлды сүйреп тұлымнан,Қызды сүйреп бұрымнанБар жаулығын қылынған.Амал таппай дұшпанға,Күйкеннен бергі мұрыннанКөштің алды бұрылған.Адыра қалған жер еді –Ноғайлының, біз түгіл,Жаңбыршының ұлы Телағыс,Кешегі «Қырық таңбалы Қырымнан».Төремұрат батырдыңӨлген жері сол екен –Қарғыс оғы құрылған.Тек шипалы жер екен,Ойлап тұрсам бұл қонысҚұтсыз екен бұрыннан…Борқұдықтың қасында,Байкүшіктің басындаКөтерді дұшпан іргені.Көкалалы көп жылқы –Ен жылқыны, елді алып,Жидырды ноқта-сіргені,Елдің алдын іздеді.Көшіп еді ұмтылыпЕлден бөлек ілгері,Əнтек болды бұл жері –Тоғыз ауыл ішіндеКенжесары кеңпейіл,Сүгірəлі атанғанҚұрман-Таған бірге еді.Ту ұстап, тұлпар мінбеді,Ту, тұлпардан не пайда –Күні бұрын болжалдапЖау келерін білмеді,Хабар ерте тимеді.Болжамады ертеден,Жетімді алды желкеден.Ен жылқыны, кенді алды,Қатарлап жиған теңді алды.Ақ орданы аударып,Аруларды алды теңсеген.Əулием Бекет болғалыБұл секілді шулатыпАлған жоқ ед дұшпан еңседен.Бедеулерін құр-құрлап,Жатқан жерден тұр-тұрлап;Тал шыбықтай белі бұралып,Мақпал мен жібекке оранып;Алтын үзбе сырғасыҚұлағында сыңғырлап,Қыздары кетті байлардыңОң жақта отау тұлдырлап.Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.
1
Азауыл – Азау қаласы.






