Аққасқа

- -
- 100%
- +

Қараңғы түнді қақ жарып, рауандап таң атты. Қара таудың етегін пана қылған жүз түтін Қосүйеңкі ауылы дағдылы тіршілікке кірісті. Ауылдың шетінде баяғы қара қағаз төсеп, балшық шатырлы үш бөлмелі ескі тамға күн сәулесі бірінші түседі. Қалбақтап Сүлеймен ақсақал ескі ағаш есікті “қиииқ” еткізіп, аулаға шықты. Аула дейтін қоршалған ештемесі жоқ. Сексенді еңсерген шал ескіліктің адамы еді. Баяғы қара көз қазақтың ауласы, шекарасы болмаған-ды. Аталарынан естігені тек: «Шаңыраққа қара!» – деген сөз ғана. Мұнан артық қазақта жеке шекара жоқ-тын. Сүлеймен ата да, ауылдың күллісі темір сетка тартып, данғарадай дарбаза қойып қойса да, есігінің алдын қоршамаған-ды.
Оңға қарай қисайып, ақырын жүріп, ит аяққа кешкіліктен қалған көжені құйды. Мойнақ құйрығын бұлғаңдатып кеп, жуындыны іше бастады. Соңсоң кішкентай ошаққорадан екі уыс бидай алып, әрменірек барып шашып жіберді. Аздан кейін бір топ кептер қонды. Құстарға қарап, қара шал кеудешен ақ сақалын сипап, бір өзгеше рахаттанып тұрды.
Сүлейменнің кемпірі қайтқалы бес жылдан бері жалғыз тұрады. Бала-шағасы шетінен орыстың оқуын оқып, костюм киген шенді.
– Әке, жүріңіз, сізге қаладан пәтер алдық, бұл жақта жалғыз жүріп арам қатасыз ғой, – деп талай ақсақалды көшірмек болған.
Оған Сүлеймен ата:
– Сақалыма ақ түскенде елден безіп, не оба таппақпын? Бұл Қосүйеңкіден тек табытым шығады! – деп дес бермеген-ді.
Сүлеймен ата соғыстан қайтып келгенде, әкесінен қалған екі үйір жылқыны босатып жіберген. Ас-бәтелерде ортаға қазысы бар табақ қойыла қалса, шапанының етегін қайырып, бұрылмастан шығып кетеді. Жылқыны сабағанды, соғымға сойғанды көргенде жүрегі сыздап ауырады. Оның бұл киелі жануарға деген құрметін түсінбеген жұрт: «Бұл қара басқыр шал алжасқан! Балашағасы қу тізесін құшақтатып кеткелі жалғыз, жын ұрса керек!» – деп артынан гүбір-гүбір әңгіме бықсытқан-ды.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.



