Жасы небәрі жиырмада. Айналасы — жат ел. Қалтада көк тиын жоқ, қолда құжат жоқ, тілін де білмейді. Сеніп ерген серігі ғайып болып, оны Малайзияның қақ ортасында жалғыз тастап кетеді.Сүйеу болғаны — сенім, жолда кездескен жайсаң жандар және ұлылардың сөзі: әр тарау Конфуцийден Абайға дейінгі даналардың нақылымен ашылады.Ол ойдан шығарылған әңгіме емес. Арланның қолынан келді — сіздің де қолыңыздан келеді.




